Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2019
"Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 874 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 21.08.2019 жылғы № 614 Қаулысына сәйкес
«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 19-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны мен оны жасау қағидалары (140.00-нысан);
2) көрсетілген қаулымен бекітілген корпоративтік табыс салығы бойынша (100.00-нысан) салық есептілігін жасау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (100.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге (бұдан әрі - КТС) арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды.
Декларацияны:
мемлекеттік мекемелерді;
Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабы 1-тармағының тиісті шарттарына сай келетін коммерциялық емес ұйымдарды;
Салық кодексінің 135-бабының шарттарына сай келетін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды;
Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 134-бабы 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабы 1-тармағының тиісті шарттарына сай келетін дербес бiлiм беру ұйымдарын;
Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 135-бабының тиісті шарттарына сай келетін дербес бiлiм беру ұйымдарын;
110.00 немесе 150.00-нысан бойынша декларация толтыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент заңды тұлғалар, резидент емес заңды тұлғалар жасайды.»;
15-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) салық төлеушінің санаты:
торкөздер, егер салық төлеуші А, В жолдарында көрсетілген санаттардың біріне жататын жағдайда белгіленеді;»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) (240.00-нысан) жасау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия