"Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1062 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 950 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.07.2015 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес
1. «Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1062 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«5-1) кеуденің сол жағында кеуде қалталары және қалпақша қалталары бар, жағасы ашық көгілдір түспен көмкерілген, шалбары бар көгілдір-сұр немесе көк түсті бір қаусырмалы күнделікті китель»;
«5-1) қалпақша қалталары бар, жағасы ашық көгілдір түспен көмкерілген, белдемшесі бар көгілдір-сұр немесе көк түсті ашық бір қаусырмалы күнделікті китель;»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген кеден органдарының лауазымды адамдарын нысанды киіммен және нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларында:
«11-1. Кеден органдарының арнайы атақтары жоқ лауазымды адамдарының оң қолының жеңіне тағылатын белгісі қалқан нысанындағы мөлшері 110*83 мм көк түсті матаны және ішінде аумақтық бөлімшенің атауы жазылған сегіз бұрышты, жазуы көк түсті жіппен кестелеу әдісімен орындалған, «алтын» түсті жіппен кестелеу әдісімен орындалған сегіз бұрышты бейнені білдіреді.
Сегіз бұрышты бейненің төменгі бөлігінде «КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» деген жазу бар. Белгінің жиегі бойының ішкі бөлігінде «алтын» түсті жіппен кестелеу әдісімен орындалған масақ жапырақшалары мәнері бар. Жиегі және жазулары ашық көгілдір түсті жіппен жасалған.».