Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 63 Қаулысы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 01 сәуірде № 8402 тіркелді
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, екінші деңгейдегі банктер мен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы жүргізетін операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 109 Қаулысына сәйкес (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
«6-1. Банктің, ипотекалық ұйымның және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының шетел валютасымен және тазартылған бағалы металдарымен операцияларын 1858, 1859, 1873, 1874, 2858, 2859, 2872 және 2873-шоттарын пайдаланбастан бухгалтерлік есепте көрсетуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған қосалқы есеп болған кезде, шетел валютасындағы операциялардың сомаларын жоғарыда көрсетілген шоттарды пайдаланбастан көрсетуге жол беріледі.»;
Шоттың дебеті бойынша бюджетке төленуге тиісті корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар сомасы, кейінге қалдырылған салық міндеттемесінің сомасын тану, кейінге қалдырылған салық активінің сомаларын тануды тоқтату жазылады.
Шоттың кредиті бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар сомаларын № 4999 баланстық шотпен сальдолау кезінде оларды есептен шығару, кейінге қалдырылған салық активінің сомаларын тану, кейінге қалдырылған салық міндеттемесінің сомаларын тануды тоқтату жазылады.»;
3. Осы қаулы, 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының отыз төртінші – отыз тоғызыншы, қырық бесінші – қырық сегізінші, жүз төртінші – жүз сегізінші және жүз он жетінші – жүз жиырма жетінші, 2-тармағының отыз жетінші және елу жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.