«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 9-бабының 1-тармағы 51-11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 05.12.2015
Су қоймаларына балық жіберу, су обьектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 231-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 тамызда № 8644 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 5 желтоқсаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.10.2015 жылғы № 18-05/928 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. «Су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 11-2/442 бұйрығының күші жойылсын деп танылсын (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 7932 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 қарашадағы № 385-387 (27204-27206) «Егеменді Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 231-ө бұйрығымен бекітілген
Су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
1. Жалпы қағидалар
1. Осы су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын (бұдан әрі - қағидасы) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1 тармағы 51-11) тармақшасына сәйкес әзірленген және су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу (тауарлы балық өсіру мақсаты үшін пайдаланатын жасанды тоғандар және ирригациялық суарылатын жүйелерді алып тастағанда) тәртібін анықтайды.
2. Осы қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган, ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) су қоймаларына балықтандыру - өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, құнды, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балықтарды сақтау және (немесе) тауарлы өнімді алу мақсатымен су қоймаларына және (немесе) учаскелеріне балық өсіру материалдарын және балықтарды жіберу;
3) биологиялық негiздеме – жануарлар дүниесiн пайдалануға, жануарлар дүниесi объектілерінің жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды;
4) су нысандарындағы балық шаруашылық мелиорациясы – су қоймаларының балық өнімділігін сақтауға және ұлғайтуға, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өмір сүру жағдайлары мен өніп-өсуін жақсартуға бағытталған шаралар кешені;
5) күрделі мелиорация – күрделі шығындары жоғары болғанда (өзендерді тереңдету, гидротехникалық жұмыстар және т.б.) ұзақ мерзімге оң әсер етуді қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені немесе оның жеке түрлері. Күрделі мелиорация жүргізу мекендеу ортасының және гидробионттардың түрлік құрамының айрықша өзгеруіне алып келеді.
6) ағымдағы мелиорация – күрделі шығындарды қажет етпейтін (жас балықты құтқару, қатып қалудың алдын алу) қысқа мерзімде оң нәтижеге қол жеткізетін техникалық және биологиялық шұғыл сипаттағы іс-шаралар кешені. Ағымдағы мелиорацияда қағидадағыдай мекендеу ортасының және гидробионттардың түрлік құрамының айрықша өзгеруі болмайды.
7) балықтардың қырылуы – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су қоймасының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;
Полная версия

