Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 674 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 06.02.2015 жылғы № 115 Бұйрығын қараңыз
Редакция 04.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 20 маусымдағы
 № 674 қаулысымен
 бекітілген
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау   және сертификат беру қағидасы
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.05.2013 жылғы № 507 Қаулысымен (20.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1311 Қаулысымен (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану, азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы – азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлауды, қайта даярлауды және кәсіптік деңгейін ұстауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) авиациялық оқу орталығының жарғысы (құрылтай шарты) (бұдан әрі – Жарғы) – оның негізінде авиациялық оқу орталығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын құжат;
4) кәсіптік даярлау – бастапқы даярлау, қайта даярлау, кәсіптік деңгейін ұстау;
5) кәсіптік деңгейді ұстау – мақсаты белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамуға және азаматтардың жеке қажеттіліктеріне негізделген кәсіптік білімдерді, машық пен дағдыларды жаңғырту, кеңейту және тереңдету болып табылатын авиация персоналын оқыту процесі;
6) қайта даярлау – жаңа (қосымша) кәсіптік білім, машық пен дағды (соның ішінде біліктілік бағаларын) алуға және белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, авиация техникасын зерделеуге бағытталған азаматтық авиация персоналын оқыту процесі;
7) өтінім – сертификатты алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берушінің жазбаша өтініші;
8) өтініш беруші – азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жүгінген заңды тұлға;
9) сертификаттау талаптары – «Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 441 қаулысымен бекітілген авиация персоналын ұйымдастыру, ұстау, даярлау деңгейі мен сапасын белгілеу мақсатында авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптар;
10) теориялық даярлық – білім алушы өту кезінде арнайы теориялық білім алатын, сондай-ақ оларды оқыту бағдарламаларына сәйкес деңгейде ұстайтын және жетілдіретін кәсіптік даярлау процесінің кезеңі;
11) тренажерда даярлау – білім алушы өту кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен еліктету құрылғыларының көмегімен практикалық машық пен дағдыларын игеретін, ұстайтын және жетілдіретін авиация персоналының кәсіптік даярлау процесінің кезеңі;
12) үлгі бағдарламалар – азаматтық авиацияның авиация оқу орталығы үшiн бағыттарының, мамандықтары мен қызметінің ерекшеліктерін ашып көрсететін оқу бағдарламаларын дербес белгілеу мүмкiндiгін сақтай отырып, кәсiптік даярлыққа бірыңғай тәсілді қамтамасыз ететiн бағдарламалар;
13) ұшуға даярлық – білім алушы өту кезінде ұшуды орындаудың практикалық машығы мен дағдыларын игеретін және жетілдіретін ұшу құрамының кәсіптік даярлау процесінің кезеңі.
3. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1311 Қаулысымен (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
4. Сертификаттаудың жалпы мерзімі екі айдан аспайды.
2. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау   және сертификат беру тәртібі
5. Өтініш беруші осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уәкілетті органға жолдайды. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) құрылтай құжаттарының көшірмелері;
2) персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаулықтың көшірмесі;
3) сапа жөніндегі нұсқаудың көшірмесі;
4) ұшу қауіпсіздігі жүйесін басқару жөніндегі нұсқаудың көшірмесі (қажет болған кезде);
5) авиациялық оқу орталығының ұйымдық құрылымы мен штаттық кестесі;
6) кәсіптік даярлау және бар біліктіліктері туралы ақпаратты қоса алғанда, авиациялық оқу орталығының персоналы туралы деректер;
7) оқу процесін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын негізгі құралдар тізбесі мен олар туралы қысқаша мәліметтер;
8) пайдаланылатын бағдарламалық құралдар тізбесі мен олар туралы қысқаша мәліметтер;
9) авиациялық оқу орталығының оқу процесін қамтамасыз етуге қатысты басқа оқу мекемелерімен, кәсіпорындармен және бөгде ұйымдармен жасасқан шарттарының көшірмелері (бар болса);
10) авиациялық оқу орталығын аяқтау туралы куәліктердің және сертификаттардың үлгілері;
11) қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпарат;
12) авиациялық оқу орталығын сертификаттау туралы алымның төленгенін растайтын құжат.
12-тармақша қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1311 Қаулысына сәйкес
Құжаттардың барлық көшірмелері мөрмен және өтініш берушінің немесе оның уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.
6. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды жиырма бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды, соның ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тексереді.
7. Ұсынылған құжаттардың толық еместігінің немесе олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағиданың талаптарына сәйкес болмау фактісі анықталған жағдайда, өтінім қарау мерзімінің ішінде өтініш берушіге қайтару себебін көрсете отырып, қайтарылуға жатады.
8. Құжаттаманың осы Қағиданың талаптарына сәйкес болған кезде уәкілетті орган сертификаттық зерттеу жүргізу үшін екі жұмыс күні ішінде комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.
Комиссия құрамына құзыретіне кәсіптік даярлық, куәліктерді (сертификаттарды) және біліктілік рұқсатын беру, сондай-ақ тиісті сертификаттар мен рұқсаттар алуға арналған оқу ұйымдарының өтінімдерін қарау мәселелері жататын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қызметкерлері енгізіледі.
9. Сертификаттық зерттеу жүргізу басталғанға дейін кемінде 5 жұмыс күні қалғанда уәкілетті орган басталу күні, сертификаттау рәсіміне енгізілуі мүмкін өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ оларға сәйкес сертификаттық зерттеу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және халықаралық ұйымдар құжаттарының тізбесі туралы ақпаратты қамтитын еркін нысандағы ресми хабарламаны авиациялық оқу орталығына жолдайды.
10. Авиациялық оқу орталығының сертификаттық зерттеуі осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес және сертификаттық зерттеу жүргізу жөніндегі мемлекеттік авиациялық инспекторлар үшін уәкілетті орган әзірлеген нұсқамалық материалды пайдалана отырып, бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
11. Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу кезінде ұйымдық құрылымның, оқытылатын персоналдың, әдістемелердің, бағдарламалардың, процестердің, техникалық базаның және ресурстардың жиынтығы ретіндегі авиациялық оқу орталығының сапа жүйесі тексеріледі.
12. Сертификаттық зерттеу аяқталғаннан кейін уәкілетті орган он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес сертификаттық зерттеу актісін (бұдан әрі – акт) жасайды, ол туралы өтінім берушіге хабарлайды.
13. Акт авиациялық оқу орталығының сертификаттау талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес болмауы туралы тұжырымдарды, ұсынымдарды және қорытындыны көрсете отырып, екі данада жасалады.
14. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және оның бір данасы өтініш берушіге жіберіледі.
Сертификаттық зерттеу процесі кезінде айқындалған сертификаттау талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, өтініш беруші актіні алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға түзету іс-қимылдарының жоспарын бекіту үшін ұсынады.
15. Уәкілетті органның сертификаттық зерттеуді жүргізген комиссиясы өтініш берушіден түзету іс-қимылдарының бекітілген жоспары бойынша сәйкессіздікті жою туралы хабарламаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бақылау сертификаттық зерттеуді жүргізеді және сәйкессіздікті жою туралы еркін нысандағы актіні жасайды.
16. Уәкілетті орган бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде авиациялық оқу орталығының сертификатын (бұдан әрі – сертификат) ресімдейді және береді.
17. Сертификатты беруден бас тарту кезінде өтініш берушіге бас тартудың себебін көрсете отырып, дәлелді жауап беріледі.
18. Сертификаттың қолдану саласына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, авиациялық оқу орталығы мәлімделген өзгерістер немесе толықтырулар жататын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға өтінім береді. Бұл ретте сертификаттауды жүргізу тәртібі өзгермейді.
19. Авиациялық оқу орталығының атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кезде немесе қолданыстағы сертификаттың қолданылу саласын өзгертпейтін өзге де жағдайларда өтінім беруші уәкілетті органға қажетті құжаттармен еркін нысанда өтініш береді. Бұл ретте сертификаттау жүргізу талап етілмейді, ал жаңа сертификат он жұмыс күні ішінде беріледі.
20. Сертификаттың қолданылу саласының мерзімін ұзарту үшін авиациялық оқу орталығы сертификатты қолдану саласының мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 күн бұрын уәкілетті органға өтінім береді. Бұл жағдайда уәкілетті орган сертификаттық зерттеу жүргізеді, оның нәтижесі бойынша осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес сертификаттың қолдану саласын ұзарту мүмкіндігі туралы сертификаттық зерттеу туралы акті жасалады.
Сертификаттың қолданылу саласын ұзарту мүмкіндігі туралы сертификаттық зерттеу туралы актісі негізінде уәкілетті орган екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Сертификаттың қосымшасын ресімдеуді және оны беруді жүргізеді.
21. Мемлекеттік авиация инспекторы осы Қағида талаптарының орындалмағанын анықтаған кезде азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығына бұзушылықтарды жою туралы инспекторлық ұйғарым беріледі.
Инспекторлық ұйғарымды белгіленген мерзімде орындамау сертификаттың қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
22. Авиациялық оқу орталығының сертификаттау талаптарын сақтамауы анықталған жағдайда немесе авиациялық оқу орталығының жазбаша өтініші бойынша уәкілетті орган сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады және авиациялық оқу орталығына сертификаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімін көрсете отырып, сертификаттың қолданысын тоқтата тұру туралы дереу хабарлама жолдайды.
23. Тоқтатыла тұрған сертификат қолданысы авиациялық оқу орталығы тоқтата тұру себебін жойған растаушы құжаттарды ұсынған және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган қажетті тексеруді жүргізгеннен кейін қалпына келтіріледі.
24. Егер сертификатты тоқтата тұрудың анықталған себептерін авиациялық оқу орталығы белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган күнтізбелік он күн ішінде сертификатты кері қайтарып алады.
25. Кері қайтарып алынған сертификат уәкілетті органға сертификат кері қайтарылып алынған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде қайтаруға тиіс.
26. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын басқа тұлғаға беруге болмайды.
27. Екі жылдан астам мерзім тағайындалатын сертификаттың қолданылу саласын қоспағанда, Авиациялық оқу орталығының сертификаты мерзімсіз болып табылады және осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Полная версия
ИС BestProfi