«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 05.04.2015
"Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 406 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 07 қазанда № 8787 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 5 сәуірден бастап ҚР Қаржы министрінің 29.01.2015 жылғы № 56 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 8128 тіркелді, 2013 жылғы 26 қаңтарда № 30-31 (27304-27305) «Казахстанская правда» газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасы;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарауындағы адамдарды қызметте қолдану қағидасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Арнаулы атақтар мен оларға сәйкес шекті арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымдар санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ шекті мәндері;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымдарының санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ шекті мәндері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (М.Т. Есенбаев) заңнамамен белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 406 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 468 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасы
1. Осы Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 46-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған (бұдан әрі – қарамағында тұру) қызметкерлердің қызмет өткеру тәртібін айқындайды.
2. Қызметкерді қарауға есепке алу үшін негіз Заңның 46-1-бабының 2-тармағы болып табылады.
3. Қызметкерді атқарып жүрген лауазымынан босату және қарамағына қабылдау қызметкерді лауазымға тағайындайтын және босататын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің немесе кеден органы басшысының бұйрығымен күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде ресімделеді.
Ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларды жүргізу мерзімі ұзартылғандықтан, бос лауазымның болмауынан, сондай-ақ өзге ерекше жағдайларда қызметкерді тағайындау туралы мәселені шешу мүмкін емес жағдайда бұл мерзім Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің немесе кеден органы басшысының бұйрығымен екі айға дейін ұзартылады.
Қарамағына қабылданған қызметкердің соңғы лауазымы бойынша ақшалай қаражаты сақталады.
Полная версия

