«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 212 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қазанда № 8805 тіркелді
Редакция 10.02.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 212 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 жылғы № 261 Қаулығына сәйкес (26.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 10.02.2020 жылдан бастап)
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 19 маусымда № 330-335 (27409) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар.»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) сәйкес, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Сақтандыру туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы (бұдан әрі – қаржы ұйымының ірі қатысушысы және (немесе) банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу тәртібін және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды белгілейді.»;
Полная версия

