Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.02.2011
Онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 909 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР 11.02.2014 жылғы № 83 Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.03.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне, «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысына, «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы жылға арналған республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларына және «Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 540 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар кала мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу жүзеге асыру барысында осы Қағидалар басшылыққа алынсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (М. К. Құлжанов) Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімін тұрақты негізде ақпараттық-техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.
4. «Онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 50 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
6. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі  С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 909 бұйрығына
қосымша
Онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидалары
1. Осы Онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылауды ескере отырып, (лимфомамен ауыратын науқастардан басқа) онкогематологиялық науқастарды қоспағанда, онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде, көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу тәртібін айқындайды.
2. Қағида «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысымен бекіткен Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекіткен Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітен Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы жылға арналған республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 540 бұйрығына сәйкес әзірленді.
3. Осы Қағидалар үрдестің мынадай қатысушыларына:
ТМККК шеңберінде онкологиялық науқастарға көрсетілген медициналық қызметтерді сатып алуды, ақы төлеуді және бақылауды жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар кала мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына (бұдан әрі -ДСБ);
ТМККК қамтамасыз ету мен кеңейтуге шараларды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігі нысаналы ағымдағы трансферттерді тиімді қолдану үшін бақылауды, үйлестіру және мониторингті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекке ақы төлеу комитетіне (бұдан әрі - МҚАК) және оның аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі - МҚАК АД);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің ТМККК шеңберінде көрсетілген медициналық көмектің сапасын бақылауды жүзеге асыратын аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі - МФҚБК АД);
онкологиялық науқастарға медициналық көмекті көрсету кезінде ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - ҚазОР ҒЗИ);
Полная версия
ИС BestProfi