Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.09.2016
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1142 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қарашадағы № 1249 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1142 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеңестің қызметі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді тетіктерін құру бойынша практикалық ұсыныстар мен ұсынымдарды бірлесе әзірлеу мақсатында мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми қауым мен үкіметтік емес ұйымдардың практикалық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған.
Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өзге де кеңестермен өзара іс-қимыл жасайды.»;
7-тармақтың 4) тармақшасындағы «беруге құқылы.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) өз құзыретінің шегінде Кеңестің жанынан кіші жұмыс топтарын құруға құқылы»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде үш айда бір рет өткізіледі.»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2013 жылғы 21 қарашадағы
 № 1249 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
 № 1142 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің құрамы
Ахметов                 - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Серік Нығметұлы           төраға

Сұлтанов                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақыт Тұрлыханұлы         орынбасары - Қазақстан Республикасының
                          Қаржы министрі, төрағаның орынбасары

Әбілқасымова            - Қазақстан Республикасының Экономика және
Мәдина Ерасылқызы         бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы

Сағынтаев               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы         бірінші орынбасары

Орынбаев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы         орынбасары

Исекешев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы           орынбасары - Қазақстан Республикасының
                          Индустрия және жаңа технологиялар министрі

Досаев                  - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ерболат Асқарбекұлы       бюджеттік жоспарлау министрі

Дүйсенова               - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Тамара Босымбекқызы       халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жәмішев                 - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму 
Болат Бидахметұлы         министрі

Жұмағалиев              - Қазақстан Республикасының Көлік және
Асқар Қуанышұлы           коммуникация министрі

Имашев                  - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Берік Мәжитұлы

Қайырбекова             - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Салидат Зекенқызы         министрі

Қаппаров                - Қазақстан Республикасының Қоршаған орта 
Нұрлан Жамбылұлы          және су ресурстары министрі

Қарабалин               - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Ұзақбай Сүлейменұлы       министрі

Қасымов                 - Қазақстан Республикасының Ішкі істер 
Қалмұханбет               министрі
Нұрмұханбетұлы

Құл-Мұхаммед            - Қазақстан Республикасының Мәдениет және 
Мұхтар Абрарұлы           ақпарат министрі

Мамытбеков              - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Асылжан Сарыбайұлы        министрі

Сәрінжіпов              - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Аслан Бәкенұлы            министрі

Байменов                - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет 
Әлихан                    істері агенттігінің төрағасы
Мұхамедияұлы              (келісім бойынша)

Қожағапанов             - Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Ерлан Тоқтарханұлы        шынықтыру істері агенттігінің төрағасы

Қуандықов               - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Болатбек Баянұлы          қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы
                          агенттік) төрағасы

Мұсабаев                - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш 
Талғат Амангелдіұлы       агенттігінің төрағасы

Оспанов                 - Қазақстан Республикасы Табиғи
Мұрат Мағауияұлы          монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы

Смайылов                - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлихан Асханұлы           агенттігінің төрағасы

Түсіпбеков              - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Рашид Төлеутайұлы         қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                          күрес агенттігінің (қаржы полициясы)
                          төрағасы (келісім бойынша)

Тәжіяқов                - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Бисенғали                 төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Шамғалиұлы

Әбдімомынов             - Қазақстан Республикасының Президенті
Азамат Құрманбекұлы       Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және
                          талдау орталығының меңгерушісі
                          (келісім бойынша)

Әбдірәсілов             - Қазақстан Республикасының Президенті
Болатбек Серікбайұлы      жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының
                          ректоры (келісім бойынша)

Айтжанов                - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Дулат Нулиұлы             акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                          (келісім бойынша)

Бишімбаев               - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі»
Қуандық Уәлиханұлы        акционерлік қоғамының төрағасы
                          (келісім бойынша)

Ежов                    - «Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік
Владислав                 қоғамының басқарма төрағасы (келісім
Николаевич                бойынша)

Мұқанов                 - «Экономикалық зерттеулер институты»
Мақсат Нұрдәулетұлы       акционерлік қоғамының президенті
                          (келісім бойынша)

Шөкеев                  - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Өмірзақ Естайұлы          акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                          (келісім бойынша)

Аханов                  - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының
Серік Ахметжанұлы         төрағасы (келісім бойынша)

Баталов                 - «Қазақстан кәсіпкерлері форумы»
Райымбек Әнуарұлы         қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің
                          төрағасы (келісім бойынша)

Мырзахметов             - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық
Абылай Исабекұлы          экономикалық палатасының басқарма төрағасы
                          (келісім бойынша)

Рақымбаев               - Қазақстан құрылыс салушылары
Айдын Жұмәділұлы          қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)

Смағұлов                - «Қазақстан астықты қайта өндеушілер одағы»
Нұрлан Еркебұланұлы       заңды тұлғалар бірлестігі құрылтайшылар
                          кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Полная версия
ИС BestProfi