Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 116-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
"Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 12 қазандағы № 482 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 қарашада № 8895 тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
1. «Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына (2010 жылғы 29 маусымда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 тамызда «Егемен Қазақстан» № 332-333 (26176) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспарында:
«1 «Қысқа мерзiмдi активтер» бөлiмiнiң шоттары» деген 4-тарауда:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. 1000 «Ақша қаражаты және олардың баламалары» кiшi бөлiмi – қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында және мемлекеттік мекемелердің шоттарында ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алуға арналған.
Осы бөлімше мынадай шоттарды қамтиды:
1010 - «Кассадағы ақша қаражаты» шоты мемлекеттік мекеме кассасындағы ақша қаражатының нақты сомасын және қозғалысын есепке алуға арналған;
1020 - «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты» шоты мемлекеттік мекеме ағымдағы шотындағы ақша қаражатын есепке алуға арналған;
1030 - «Есеп айырысу шоты» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі – СІМ) Қазақстан Республикасының елшіліктері және өзге шетелдік мекемелер алған ақша қаражатын есепке алуға арналған;
1040 - «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ» демеушілік және қайырымдылық көмек, ақылы қызметтер, ақшаны уақытша орналастыру ақшасы бойынша мемлекеттік мекеменің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, нысаналы қаржыландырудың ақша қаражатын есепке алуға арналған. Осы шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:
1041 - «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ», мұнда Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелерге арналған демеушілік және қайырымдылық көмек түріндегі түскен ақша қаражатын есепке алады;
1042 - «Ақылы қызметтер ҚБШ», мұнда мемлекеттік мекемелер иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алған және Бюджет кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылатын ақша кірістері мен шығыстары есепке алынады;
1043 - «Ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ», мұнда Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қайтарып алу шартымен мемлекеттік мекемелерге аударылған немесе белгілі бір жағдай туғанда сәйкесінше бюджетке немесе үшінші жаққа берілген ақша қаражат қозғалысы есепке алынады;
1044 - «Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ», онда Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңнамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін ақшаның түсімі мен жұмсалуы есепке алынады;
1045 - «Нысаналы қаржыландыру ҚБШ», мұнда есептелген бюджет қаражаты және оларды ерекше шығыстарды жүргізуге пайдалану есепке алынады (нысаналы қаржыландыру шоты);
1050 - «Шетелдік валютадағы шот» мемлекеттік мекеме жүргізетін есепті кезеңнің соңғы күніне қолданылатын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірлесіп белгілеген тәртіпте анықталатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша шетелдік валютаны қайта есептеу жолымен алынған Қазақстан Республикасы валютасында валюталық операцияларды есепке алуға арналған;
1060 - «Арнайы шот» шоты бюджеттік бағдарлама әкімшілігімен қарызға алынған қаражаттардың (сыртқы қарыздар және гранттар) кірісі мен шығысы бойынша қаржылық операцияларды есепке алуға арналған. Осы шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды;
1061 - «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты», мұнда грантпен байланысты қаражаттардың кірісі мен шығысы бойынша қаржылық операцияларды есепке алады;
Полная версия

