Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 116-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
"Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 12 қазандағы № 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 қарашада № 8896 тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
1. «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 25 тамызда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 6443 болып тіркелген, 2010 жылғы 14 қыркүйектегі, 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 370-371, 374-375 (26214, 26218) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiнде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді және есеп саясатын сақтай отырып, бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар беруі мүмкін.»;
19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Материалдық жауапты тұлғалар алғашқы құжаттарды екі данада жасалатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары альбомының (бұдан әрі – Нысандар альбомы) 442-нысанына сәйкес құжаттарды беруді тізілімге алу кезінде (кіріс және шығыс құжаттары бойынша жеке толтырылады) екі данада тауар-материалдық құндылықтардың кірісі және шығысы бойынша алғашқы құжаттарды ұсынады. Материалдық жауапты тұлғаның қатысуында ұсынылған алғашқы құжаттардың рәсімделуінің дұрыстығы өткізілгеннен кейін тізілімнің бір данасы бас бухгалтердің қолымен материалдық жауапты тұлғаға қайтарылады, екінші дана бухгалтерлік қызмет істерінде қалады.»;
21-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-мемориалды ордер – 381 нысандар альбомында ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - ҚБШ), демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ, ақша қаражатын уақытша орналастыру ҚБШ, шетел валютасындағы шоттағы және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарындағы ақша қаражатын есепке алу жөніндегі жинақтау ведомості; жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ, нысаналы қаржыландыру ҚБШ;»;
25-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемориалды ордердегі қатеден туындаған бухгалтерлік балансты ұсыну сәтіне дейін анықталған қате сипатына қарай қосымша мемориалды ордермен немесе «Қызыл сторно» тәсілі бойынша түзетіледі. Қателерді түзету бойынша қосымша бухгалтерлік жазбалар, сондай-ақ «Қызыл сторно» тәсілімен жасалған түзетулер мемориалды ордерлермен рәсімделеді, оларда әдеттегі деректемелерден басқа осы мемориалды ордермен түзетілетін мемориалды ордердің нөміріне және күніне сілтеме жасалады.»;
32-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметтің үздіксіздігі қағидаты мемлекеттік мекеме болашақта жұмыс істеуге ниетті екендігін, қызметті жою қажеттілігі немесе қызмет ауқымын анағұрлым қысқартуға болмайтынын білдіреді.»;
42-тармақтың үшінші бөлігі алынып тасталсын;
49-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Кінәлі тұлғалардың есебінен жатқызылған, мемлекеттік мекеменің кассасындағы ақша қаражатының анықталған жетіспеушіліктерінің сомасы 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының дебеті бойынша және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы 55-1, 55-2-тармақтармен толықтырылсын:
«55-1. 1044 қосалқы шотында «жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ» қосалқы шотында Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін өзі басқару туралы заңнамаға сәйкес жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асыру үшін ақшалардың түсімдері мен шығыстары ескеріледі.
Ақшалай қаражаттың түсімі жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ 1044 «Жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ» қосалқы шотының дебеті бойынша және 6080 «Айырбасталмаған операциялардан өзге шығыстар» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Полная версия

