Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.01.2015
Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 318-Ө бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 15 қарашада № 8907 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 15 қаңтардан бастап ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 27.06.2014 жылғы № 240-Ө Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» қаулысының 21-тармақтың 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес балық аулауға;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың Үлгі нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 207 бұйрығы «Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6183 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жылғы № 14) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жарияланғанын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 318-Ө бұйрығына
1-қосымша
Балық аулауға арналған шарт Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитеті
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі)
әрі карай «Инспекция» деп аталатын, _________________________________
_____________________________________________________________________
(басшының тегі аты әкесінің аты (болған кезде))
атынан Ереже негізінде әрекет ететін, _______________________________
бір тараптан, және басшы ____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толығымен)
Полная версия
ИС BestProfi