Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.10.2014
"Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1377 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.10.2014 жылғы № 1119 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2013 жылғы 20 желтоқсандағы
 № 1377 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 28 мамырдағы
№ 488 қаулысымен
бекітілген
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы
1. «Балапан» бағдарламасының ПАСПОРТЫ
Атауы Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Негізгі әзірлеуші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Негізгі орындаушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы
Бағдарламаның мақсаты Халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы көрсетілетін қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыру
Бағдарламаның міндеттері 2015 жылға дейін мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен мектепке дейінгі жастағы балалардың 77 %-ының, ал 2020 жылға дейін – 100 %-ының қамтылуын қамтамасыз ету;
2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету;
республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың білім алуға деген қажеттілігін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін арттыру;
мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы проблемаларын шешу үшін қажетті қаржылық-экономикалық жағдайлар жасау;
мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді және олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды жүзеге асыру;
инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі ұйымдарды пандустармен, кіреберістермен, көтергіштермен және жеделсатылармен және т.б. жарақтандыру);
оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын енгізу есебінен тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту
Бағдарламаның іске асырылу мерзімі және кезеңдері 2010 – 2020 жылдар
I кезең – 2010 ж.
II кезең – 2011 ж.
III кезең – 2012 ж.
IV кезең – 2013 ж.
V кезең – 2014 ж. – 2016 ж.
VI кезең – 2017 ж. – 2018 ж.
VII кезең – 2019 ж. – 2020 ж.
Нысаналы индикаторлар 2010 – 2013 жылдар
1) мектепке дейінгі білім жүйесінде қосымша ашылған орындар саны – 271 268 орын;
2) мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту – 71,5 %;
3) топтар толымдылығының орташа көрсеткіші – 25 бала;
4) 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен қамту – 97 %;
5) бірінші және жоғары білікті санаттағы педагог қызметкерлер үлесі – 25 %.
2014 – 2020 жылдар
1) мектепке дейінгі білім жүйесінде қосымша ашылған жаңа орындар саны – 480 408 орын;
2) балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту – 100 %;
3) көптілде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі – 50 %;
3) балалардың инновациялық жобаларын қорғау бойынша конкурсқа қатысатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі (жобалау қызметі, денсаулық сақтайтын технологиялар және т.с.с.) – 50 %;
4) инклюзивтік білім беру үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі – 15 %;
5) біліктілікті арттырудан өткен педагог қызметкерлердің үлесі – 50 %
Қаржыландыру көлемі мен көздері Бағдарламаны 2011 – 2013 жылдары іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі 165 940 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
республикалық бюджет есебінен – 162 920,5 млн. теңге;
жергілікті бюджеттер есебінен – 3 019,5 млн. теңге.
Бағдарламаны 2014 – 2020 жылдары іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі 190 млрд. 536 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
республикалық бюджет есебінен – 41 млрд. 242 млн. теңге;
жергілікті бюджет есебінен – 149 млрд. 294 млн. теңге
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленген.
Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін Қазақстанда Орталық Азиядағы ең үздік мектепке дейінгі білім жүйесі болды, ол 7 жасқа дейінгі балалардың шамамен 70 %-ын қамтыды.
1991 жылы 8743 балабақша болды, олардың жартысынан астамы (4868) «оңтайландыру» кезеңінде жекешелендірілген, бір бөлігі бос қалған, қираған. Тұтастай алғанда, 2000 жылға дейін республикадағы балабақшалар саны 1144-ке дейін азайды.
Тәуелсіздік жылдарында республиканың мектепке дейінгі білім жүйесі қайта жандана бастады: балабақшалар саны өсуде, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ұйымдардың жаңа түрлері құрылуда.
Полная версия
ИС BestProfi