Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 845 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1472 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 845 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тексеру жүргізу үшін жауапты мемлекеттік орган:
1) өз қызметкерлерінің, мүдделі мемлекеттік органдар, уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті берушілер, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің, жауапты мемлекеттік органның қаралып отырған қызмет саласындағы тәуелсіз сарапшыларының қатарынан жұмыс тобын (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрады;
2) әлеуметтік желілердегі өзінің парақтарында, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік органның құзыретіне кіретін көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде ұсыныстар жинаудың басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.
Мүдделі мемлекеттік органдар, уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті берушілер, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, тәуелсіз сарапшылар жауапты мемлекеттік органның сұратуы бойынша жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс тобының құрамы жөніндегі ұсыныстарын жібереді.
11. Тексеру жүргізу басталған сәттен бастап жауапты мемлекеттік орган:
1) жұмыс тобының мүшелерін мемлекеттік көрсетілетін қызметті тексеру үшін қажетті ақпаратпен, құжаттармен, нормативтік құқықтық актілермен, әдіскерлер, жауапты мемлекеттік органның басқа да құзыретті тұлғалары тарапынан консультациялармен, сондай-ақ жұмыс орындарымен, кеңселік техникамен, байланыспен және басқа да материалдармен;
2) «электрондық үкімет» веб-порталында қажетті құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орналастыруды және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру жөнінде келіп түскен ұсыныстар бойынша кері байланысты қамтамасыз етеді.»;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Мемлекеттік орган «электрондық үкімет» веб-порталында өз құзыреті шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі халықтың жиналған ұсыныстарына талдау жүргізеді және оны тексеру жүргізу кезінде есепке алады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия