Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2015
Медициналық қызметтердің тарификаторын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 770 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 жылғы № 724 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесінің 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларының 2-тармағының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тарифтерді құру жөніндегі комиссиясының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 11 хаттамасына сәйкес, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің екінші кезеңін іске асыру шеңберінде БҰЙЫРАМЫН :
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Медициналық қызметтердің тарификаторы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т. Төкежановке жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi