Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
"Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 шілдедегі № 769 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1520 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 шілдедегі № 769 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 408-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1520 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 769 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін (бұдан әрі – сәуле шығару көздері) есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар меншік нысандарына, ведомстволық бағыныстылығына және ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, ядролық материалдармен және сәуле шығару көздерімен жұмыс iстеу, ядролық материалдар, радиоактивтi заттар мен радиоактивтi қалдықтарды өндiру, пайдалану, қайта өңдеу, тасымалдау және орналастыру, ядролық материалдар мен сәуле шығару көздерін экспорттау мен импорттау кезiнде оларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзу, ядролық материалдар мен сәуле шығару көздерін пайдалана отырып, ғылыми зерттеулер жүргiзу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын барлық заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Ядролық материалдар мен сәуле шығару көздерін мемлекеттiк есепке алу және бақылау:
1) ядролық материалдар мен сәуле шығару көздерінің бар мөлшерiн, олардың табылған жерлерін дәлме-дәл айқындау;
2) жоғалуын, рұқсатсыз пайдаланылуын және ұрлануын болдырмау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкiлетті органдарына, халықаралық ұйымдар мен басқа мемлекеттерге ядролық материалдар мен сәуле шығару көздерінің бар-жоғы және орнын ауыстыру, есептен шығарылуы және көмiлуi, экспорты және импорты туралы жедел ақпарат беру мақсатында жүзеге асырылады.
Полная версия