Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1431 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
= red >Редакция 25.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 56, 535-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.04.2014 жылғы № 400 Қаулысымен (30.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағиданың 5-тармағын, Қағидаға 2-қосымшаның 1-тармағын, осы қаулының 1-тармағы 2) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1431 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 қазандағы
№ 1070 қаулысымен
бекітілген
Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасы
1. Осы Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидада коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларын сертификаттау, оларға пайдаланушы сертификатын (бұдан әрі – пайдаланушы сертификаты) беру, тоқтата тұру және қайтарып алу тәртібі айқындалады.
3. Пайдаланушы сертификаты қолданылу саласы мен мерзімі көрсетіліп, 2 жыл мерзімге беріледі және басқа тұлғаға беруге жатпайды.
4. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын алғаш рет алған Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркеледі, онда оған үш әріптік код пен телефонның шартты түрде шақыру белгісі беріледі. Тіркеу азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) сұрау жіберуі арқылы жүзеге асырылады.
5. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
6. Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) өтінім – өтініш берушінің сертификаттау рәсімдерінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініші;
Полная версия
ИС BestProfi