Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.09.2016
Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияны құру туралы 
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес
Редакция 09.04.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласындағы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1522 қаулысына
қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.03.2014 жылғы № 178 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (05.03.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияның құрамы
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, хатшы
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
      «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Қазақстан индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
      «Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
      «Қазақстан тауар өндірушілері мен экспорттаушыларының одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1522 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылды.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеті, функциялары және құқықтары 
1) Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту үшін өнеркәсіптің басым секторларын айқындау;
2) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін арттыру;
3) өңдеуші өнеркәсіп, соның ішінде кластерлік бастама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қойылатын тұжырымдамалық тәсілдер;
4) аумақтық (өңірлік, өңіраралық) кластерлерді, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
4-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2015 жылғы № 211 Қаулысымен (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
5) республикалық индустрияландыру картасын өзектілендіру;
4-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2015 жылғы № 211 Қаулысына сәйкес
6) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуден өткізу болып табылады.
4-тармақ 6-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2015 жылғы № 211 Қаулысына сәйкес
5. Міндеттерді іске асыру үшін Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласындағы ұсыныстарды әзірлейді;
2) Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласындағы тиісті ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.
3) мемлекеттік қолдау шараларын енгізу, алып тастау, ұсыну бойынша, сондай-ақ республикалық индустрияландыру картасының жобалары бойынша негізгі параметрлерді өзгерту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
5-тармақ 3-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2015 жылғы № 211 Қаулысына сәйкес
4) жобаның өтініш берушісімен бірлесіп, келісім жобасын әзірлеу үшін республикалық индустрияландыру картасының жобасын іске асыруға жауапты мемлекеттік органды айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді;
5-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2015 жылғы № 211 Қаулысына сәйкес
5) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуді жүргізуге қатысады.
5-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2015 жылғы № 211 Қаулысына сәйкес
1) белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік органдардың және Комиссия мүшелері болып табылмайтын өзге ұйымдардың лауазымды тұлғаларын Комиссия отырыстарына шақыруға, сондай-ақ оларды тыңдауға;
3) Комиссия жанынан жұмыс топтарын құруға;
4) жұмыс топтарына әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыруға;
5) Комиссияның, жұмыс топтарының жұмыс жоспарларын бекітуге;
6) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
7. Комиссияны оның қызметiне басшылық ететiн, отырыстарында төрағалық ететiн, жұмысын жоспарлайтын, шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын төраға басқарады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымы бойынша Комиссия төрағасы болып табылады.
8. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (05.03.2014 ж. редакцияны қараңыз)
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
9. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (05.03.2014 ж. редакцияны қараңыз)
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (05.03.2014 ж. редакцияны қараңыз)
2) Комиссияда қарастыру үшін ұсыныстар жинауды жүзеге асырады. Комиссияның қарауына мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар енгiзетiн ұсыныстарды қалыптастырады; 
3) Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын бақылайды.
11. Комиссия өз қызметiн Комиссияның төрағасы бекiтетiн тоқсан сайынғы жоспарлар негiзiнде жүзеге асырады, оларды мемлекеттiк органдардың ұсыныстары бойынша жұмыс органы жасайды. 
12. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (05.03.2014 ж. редакцияны қараңыз)
13. Комиссияның тоқсан сайынғы жұмыс жоспарын алған кезде мүдделi мемлекеттiк органдар тоқсан сайынғы жоспарға сәйкес қажетті iс-шараларды уақтылы ұйымдастырады. Отырыс күн тәртiбiнiң мәселелерi бойынша материалдар (мәселе бойынша анықтама, презентациялар, хаттамалық шешiмнiң жобасы, сөйлеушiлер мен қатысушылар тiзiмi) жұмыс органына тоқсан сайынғы жоспарға сәйкес отырыс өткiзiлгенге дейiн кемiнде екi жұмыс күнi бұрын берiлуi тиiс.
14. Комиссияның отырысы төрағаның өз бастамасы, Комиссия төрағасы орынбасарының бастамасы не Комиссия мүшесiнiң бастамасы бойынша Комиссия қарауына ұсынылатын материалдар негiзiнде шақырылады.
15. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткiзiледi және, егер мүшелерi жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, отырыс заңды болып саналады. Комиссияның мүшелерi ауыстыру құқығынсыз қатысады.
16. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (05.03.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда ол жазбаша түрде баяндалуға және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
Комиссия хаттамасының көшірмелері Комиссияның барлық мүшелеріне, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберіледі.
17. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
17-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (05.03.2014 ж. редакцияны қараңыз)
18. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
18-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (05.03.2014 ж. редакцияны қараңыз)
19. Комиссияның алдына қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында оның шешiмдерiмен Комиссияның жанынан жұмыс топтары құрылады, олардың құрамы мен мiндеттерi Комиссияның хаттамасымен айқындалады.
19-1. Дауыс беру парақтарымен қоса комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Ереже 19-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
20. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiміне сәйкес тоқтатады.
Полная версия
ИС BestProfi