«Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 691 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 24.09.2014
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1538 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1011 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті оның мүлкі Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) беріле отырып таратылсын.
2. Қоса беріліп отырған.
1) Агенттік туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің органдары мен ұйымдары Агенттіктің органдары мен ұйымдары болып қайта аталсын.
4. Агенттік және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктері, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1538 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау саласында, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласында басшылықты және реттеуді жүзеге асыратын (бұдан әрі – реттелетін сала), салааралық үйлестіруді, стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда және қалалардағы аудандарда аумақтық органдары, сондай-ақ көліктегі аумақтық органдары бар.
3. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі мемлекеттік мекеме ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Егер Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан әрекет етуге құқығы бар.
Полная версия

