«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 24.10.2015
"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 25 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 24 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 15.10.2015 жылғы № 829 Қаулысына сәйкес «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.04.2015 жылғы № 321 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 807 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, 786-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер Министр С . Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 25 қаулысымен бекітілген
«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтiнiштердi қабылдау және нәтижелердi беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 60 (алпыс) күн;
көрсетілетін қызметті беруші қолдаухатты алған күннен бастап күнтiзбелiк 10 (он) күн iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексеруге және көрсетілетін қызметті алушыны қолдаухатты қарауға қабылдағаны туралы немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қолдаухатты қарауға қабылдаған кезден бастап күнтізбелік 50 (елу) күннен аспауы тиіс.
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті беруші немесе сот аталған қолдаухат немесе онымен байланысты басқа қолдаухат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн қолдаухатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады, ол жөнiнде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi;
қосымша мәлiметтердi және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңiнде қолдаухатты қарау мерзiмi тоқтатыла тұрады, ол жөнінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi;
Полная версия