Ислам банкін, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 51 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5664 болып енгізілді
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (29.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 2026 жылғы 28 сәуірден бастап ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.04.2026 жылғы № 68 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 74-1-бабының 3-тармағына, 74-5-бабы 5-тармағының он екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Ислам банкін, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (29.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2009 жылғы 27
наурыздағы N 51 қаулысымен
бекітілді
Ислам банкін, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру қағидалары
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (29.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) 74-1-бабының 3-тармағына, 74-5-бабы 5-тармағының он екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және ислам банкін, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (29.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:
Бірінші абзац жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (29.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) депозитор – инвестициялық депозит туралы шарт жасасқан, таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының клиенті;
2) инвестициялық депозит – инвестициялық депозит туралы шартта көзделген тәртіппен берілген ақшаны қолдану нәтижесіне байланысты ол бойынша кіріс төлеу талабымен, клиент ислам банкіне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкіне номиналды көрсетілімде қайтару кепілісіз тиісті мерзімге беретін ақша;
3) ислам банкі – уәкілетті органның лицензиясы негізінде, Банктер туралы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;
4) қабылдайтын ислам банкі – тарату комиссиясы таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының мүлкі мен міндеттемелерін оларға беруге таңдаған ислам банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі;
5) тарату комиссиясы – ислам банкін, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалын мәжбүрлеп тарату жөніндегі шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган тағайындайтын (босататын) не ислам банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі оларды ерікті таратуға (ерікті тоқтатуға) рұқсат алғанда тағайындайтын, тарату комиссиясы төрағасының тікелей басшылығымен ислам банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының істерін аяқтау және кредиторлармен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында тарату (қызметін мәжбүрлеп тоқтату) рәсімі барысында ислам банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының мүлкін және істерін басқару бойынша өкілеттікті жүзеге асыратын орган;
6) таратылатын ислам банкі – мәжбүрлеп не ерікті тарату процесіндегі ислам банкі, қызметі мәжбүрлеп не ерікті тоқтату процесіндегі Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы;
7) таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелері – инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлік;
3. Қағидаларға сәйкес таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелерін беруге негіз болып заңдық күшіне енген ислам банкін мәжбүрлеп тарату жөніндегі соттың шешімі не уәкілетті органның ислам банкін ерікті тарату жөніндегі рұқсаты табылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (29.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он бес жұмыс күннен кешіктірмей таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдаулары жөніндегі ұсынысты ислам банктеріне жібереді.
5. Таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдағылары келетін ислам банктері ұсынысты алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде тарату комиссиясына еркін нысанда жасалған, таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдағысы келетіні туралы өтінішті тарату комиссиясына ұсынады.
6. Тарату комиссиясы ұсынысты жіберген күннен бастап отыз жұмыс күннен кешіктірмей таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдағысы келетіні туралы өтініш берген және мына талаптарға сәйкес келетін ислам банктері арасынан ислам банкін таңдауды жүзеге асырады:
2) таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдау жөніндегі ұсынысты жіберу күніне дейінгі соңғы он екі ай ішінде уәкілетті орган қолданған санкциялардың болмауы;
3) таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдау жөніндегі ұсынысты жіберу күнінде Банктер туралы заңның 46-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында, 47-1-тармағында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының болмауы;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ислам банкін таңдағанда, тарату комиссиясы таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдауға ниет білдірген ислам банкі ұсынатын және депозиторлар үшін барынша пайдалы болып табылатын қосымша талаптарды ескереді.
7. Тарату комиссиясының таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелері берілетін ислам банкін таңдау жөніндегі шешімі тарату комиссиясы мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең келгенде, тарату комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тарату комиссиясының шешімі тарату комиссиясының хаттамасымен ресімделеді және ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бекіту үшін жіберіледі.
8. Тарату комиссиясы ислам банкін таңдау жөніндегі шешімді бекіткеннен кейін таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелері берілетін ислам банкін таңдалғаны жөніндегі ақпаратты республикалық мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жариялау бойынша іс-шараларды қолданады.
9. Қабылдайтын ислам банкіне таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін беруді тарату комиссиясы мен қабылдайтын ислам банкі арасында жасалатын беру жөніндегі келісім және қабылдау-өткізу актісі негізінде тарату комиссиясы жүзеге асырады.
2) құқықты белгілеу құжаттарын көрсетіп, инвестициялық депозиттер жөніндегі шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүліктің саны мен атауы;
11. Таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін беру жөніндегі келісімге қол қойылғаннан кейін, тарату комиссиясы беру жөніндегі аталған келісімде тараптармен келісілген тәртіпте, мерзімде және талаптарда таратылатын ислам банкінің беретін мүлігі мен міндеттемелеріне қатысты құжаттардың тұпнұсқалары мен көшірмелерін қабылдайтын ислам банкіне қабылдау-өткізу актісі негізінде береді.
1) қабылдайтын ислам банкінің және таратылатын ислам банкінің толық атауы (ислам банктерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес);
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) қабылдайтын ислам банкінің және таратылатын ислам банкінің тіркелген (ислам банктерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес) немесе нақты орналасқан орны;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) жеке және заңды тұлғалардан инвестициялық депозиттерін қабылдауды қоса алғанда, ислам банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген қабылдайтын ислам банкінің лицензиясының нөмірі мен берілген күні;
4) қабылдайтын ислам банкі басқармасының бірінші басшысының және бас бухгалтерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалының басшы қызметкерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің қабылдайтын филиалының бас бухгалтерінің), таратылатын ислам банкінің тарату комиссиясы төрағасының және бас бухгалтерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақша өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.03.2010 жылғы № 50 Қаулысымен (27.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2012 жылдан бастап)
берілетін мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың, аталған мүлікке сақтандыру шарттарының (сақтандыру полистері) (ол сақтандырылған жағдайда), оның ақшасы есебінен сатып алынған мүлікке мүлік иегерін сәйкестендіретін өзге құжаттардың тізбесі;
13. Қабылдау-өткізу актісін тарату комиссиясы қабылдайтын ислам банкі, тарату комиссиясы, уәкілетті орган үшін бір дана етіп үш данада жасайды, оған тарату комиссиясының төрағасы және бас бухгалтері, қабылдайтын ислам банкі басқармасының бірінші басшысы және бас бухгалтері (Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалының басшы қызметкері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің қабылдайтын филиалының бас бухгалтері) қол қояды және қабылдайтын ислам банкінің және таратылатын ислам банкі мөрінің бедерімен расталады.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15. Таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдайтын ислам банкіне беру күні болып қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күн саналады.
19. Қағидаларда реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шешіледі.
19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (29.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды