Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.05.2015
Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
 Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 431 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 30 мамырдан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.03.2015 жылғы № 396 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1455 қаулысымен  бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулық  бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін ;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушы А. Рау
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары-
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 431 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулық
1. Осы «Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулық» (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1455 қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидасының 4-тармағына  сәйкес әзірленген (бұдан әрі - Қағида) және жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша тоқсандық есептер мен жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары туралы соңғы есептерді ұсыну тәртібін нақтылайды.
2. Есептердің құрылымы және ресімделуі 
2. Есептер мәтіндік және графикалық (графикалық қосымшалары болғанда) және ғарыштық суреттен тұрады.
3. Есептер мынадай құрылымдық элементтерден тұрады:
1) заттаңба (есеп мәтінінің мұқабасында);
Полная версия
ИС BestProfi