Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2015
"Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы 
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 55 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысына сәйкес
"Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" ҚР Ішкі істер министрінің 14.04.2015 жылғы № 343 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 200 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 22, 279-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 55 қаулысымен
бекітілген
«Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін барынша рұқсат етілетін күту уақыты – 30 (отыз) минут;
3) барынша рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты – 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – шетелдік паспортқа не азаматтығы жоқ адамның куәлігіне толтырылған визалық жапсырманы жапсыру жолымен Қазақстан Республикасының визаларын («G2», «Е1», «Е2», «Е3», «D8» «К1», «К2», «К3», «L1», «L2», «М1», «М2», «Р8» санаттары) ұзарту, Қазақстан Республикасының визаларын ( «G2», «G4», «J3», «L1», «Р1», «Р2», «Р3», «Р4», «Р5», «Р6», «Р7», «Р8» санаттары) беру.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлгенi үшiн мемлекеттік баж алынады, ол 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасы кодексiнiң 538-бабына сәйкес мемлекеттiк баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен 50 пайызды құрайды.
Полная версия
ИС BestProfi