Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 80 қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.07.2014 жылғы № 837 Қаулысымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес
"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік көрсетілетін қызмет" стандартын бекіту туралы" ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы № 275 Бұйрығын қараңыз
Редакция 28.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.07.2014 жылғы № 837 Қаулысымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов 
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 12 ақпандағы
№ 80 қаулысымен
бекітілген
«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.07.2014 жылғы № 837 Қаулысымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.07.2014 жылғы № 837 Қаулысымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметтi ауылдық аумақтарды дамыту жөнiндегi аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органдар (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:
39 (отыз тоғыз) күнтізбелік күн ішінде көтерме жәрдемақы төленеді;
32 (отыз екi) күнтiзбелiк күн iшiнде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Келiсiм жасасу рәсiмi жүзеге асырылады;
Келiсiм жасалғаннан кейiн 30 (отыз) жұмыс күнi iшiнде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит ұсынылады;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 минут;
Полная версия
ИС BestProfi