Близость слов: Окончание:





Аккредиттеу туралы
 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 380 бұйрығы 
«Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесінің 11-тармағына және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 8 отырысының хаттамалық шешіміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :
1. «Қазақстан Республикасы және Орталық Азия құрылысшылары одағы» заңды тұлғалар бірлестігі (бұдан әрі - заңды тұлғалар бірлестігі) аккредиттелсін.
2. Көрсетілген заңды тұлғалар бірлестігіне аккредиттеу туралы куәлік берілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Заң департаментіне (С.М. Қаппасов) жүктелсін.  
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.  
Полная версия
ИС BestProfi