«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 92 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес «Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 30.04.2015 жылғы № 251 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды, өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты төлемдер туралы шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді мемлекеттік тіркеу және аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Тауар таңбасына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Тауар шығарылған жердің атауына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) «Өнеркәсіптік үлгіге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) «Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) «Инновациялық патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) «Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 92 қаулысымен бекітілген
«Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Полная версия