«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 12.03.2015
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 21.02.2015 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) асыл тұқымды мал үлесін және ауыл шаруашылығы малының өнімділік сапасын арттыру, өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын төмендету үшін мал азығының құнын арзандату мақсатында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тауар өндірушілер), мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға және қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге (бұдан әрі - көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде және іс-шаралар есебінен бюджеттік субсидиялар (бұдан әрі - субсидиялар) беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұқымдық түрлендіру - аналық мал басын тұқымдық және өнімділік өсімін молайтуда асыл тұқымды аталықтарды пайдалану жолымен сапасын жақсарту;
2) селекциялық карточка - селекциялық малды есепке алу нысаны;
3) сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық малдарды пайдалану туралы келісім - аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы және тауар өндіруші арасында қол қойылған, сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық малды нысаналы пайдалану бойынша тауар өндіруші қабылдаған міндеттемелерді растайтын құжат;
4) аналық мал басы - жыныстық жетілген, төл алу үшін пайдаланылатын аналық мал басы;
5) шағылыстыру маусымы - ауыл шаруашылығы малдарының өсімін молайту кезеңі;
6) жалпы табын - жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған ірі қара мал табыны.
3. Субсидиялауға жататын бағыттар:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:
ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу;
Полная версия