Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
"Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау" және "Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы 
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 150 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
"Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.04.2015 жылғы № 5-2/389 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат) 1-тармағы 15) және 16) тармақшалары;
2) «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 129 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 16, 275-құжат) 2-тармағы;
3) «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 202 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 18, 315-құжат) 2-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                  С. Ахметов 
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
2014 жылғы 25 ақпандағы
 № 150 қаулысымен
 бекiтiлген
«Ауыл шаруашылығын қолдауға берiлетiн кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Полная версия
ИС BestProfi