Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.09.2016
"Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 178 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен құрылған Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Бекенов
Берік Темірғалиұлы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, хатшы
«Рау
Альберт Павлович
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі, хатшы»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Рау
Альберт Павлович
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия
ИС BestProfi