«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық, коммуналдық және өзге де шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын көлемі және стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке арналған медициналық қызметтердің құнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 6 қарашадағы № 647 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 жылғы № 724 Бұйрығына сәйкес
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесінің 2013 жылғы 8 қазандағы № 5 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық, коммуналдық және өзге де шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын көлемі және стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке арналған медициналық қызметтердің құнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: