Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
«Турбиналық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 443 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 жылғы № 704 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған «Турбиналық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (С.Қ. Есімханов) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін ;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушы А. Рау
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
____________ Т. Дүйсенова
2013 жылғы «___»__________
Қазақстан Республикасы
Индустрия
және жаңа технологиялар
Министрінің міндетін атқарушының
2013 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 443 бұйрығымен бекітілген
«Турбиналық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты
1. «Турбиналық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) «Турбиналық жабдықтарды жөндеу» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
Полная версия
ИС BestProfi