Близость слов: Окончание:





Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 наурызда № 9249 тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 16.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 жылғы № 110 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 9 қаулысымен
бекітілген
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібі
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті (бұдан әрі – брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет) жүзеге асыру талаптары мен тәртібін, сондай-ақ брокердің және (немесе) дилердің Қазақстан Республикасындағы банк операцияларын жүргізу тәртібін белгілейді.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 жылғы № 110 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 жылғы № 33 Қаулысына сәйкес (27.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттелмеген бөлігінде, брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына, брокер және (немесе) дилер мен оның клиенттері арасында жасалған брокерлік қызмет көрсету туралы шарттарға және әдет-ғұрыптарға (оның ішінде іскерлік айналымының әдет-ғұрыптарына) сәйкес жүзеге асырылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-1. Қағидалармен реттелмеген бөлігінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар брокер және (немесе) дилер Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау, төлемдер мен төлем жүйелері туралы заңнамасына сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырады.
Қағидалар 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы Қағидалардың қолданылуы мыналарға қолданылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 202 Қаулысымен (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 26 Қаулысына сәйкес (20.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына;
3) Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық қорлардың басқарушы компанияларына.
3. Брокер және (немесе) дилер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 25 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен (бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу құқығымен) – бірінші санатты;
2) клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз (бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу құқығынсыз) – екінші санатты лицензияға ие болады.
Полная версия
ИС BestProfi