Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 наурызда № 9248 тіркелді
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.10.2025 жылғы № 67 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 жылғы № 93 Қаулысына сәйкес (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 06.02.2024 жылғы № 10 Қаулысына сәйкес (28.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.10.2025 жылғы № 67 Қаулысына сәйкес (20.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (29.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 892-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 15-бабының 9) тармақшасына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабының 1-тармағына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағының 1-1) тармақшасына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 11) тармақшасына, «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Инвестициялық қорлар туралы заң) 37-бабының 3-тармағына, «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Секьюритилендіру туралы заң) 6-2-бабының 1 және 3-тармақтарына, «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (Эндаумент-қорлар туралы заң) 9-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібін белгілейді.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (29.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 жылғы № 60 Қаулысына сәйкес (07.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.08.2025 жылғы № 40 Қаулысымен (06.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
уәкілетті органның лицензиясы негізінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға;
уәкілетті органның лицензиясы негізінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға олар ерікті зейнетақы жарналарын тарту есебінен емес қалыптастырылған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде;
«өмірді сақтандыру» саласында қызметті және уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясының негізінде сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша және инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістердің (шығындардың) есебінен қалыптастырылған активтерді дербес басқаруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына (бұдан әрі – сақтандыру ұйымдары) қолданылады.
Инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістердің (шығындардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді басқару жөніндегі қызметі «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде (бұдан әрі – Сақтанушының инвестицияларға қатысу қағидалары) белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 жылғы № 60 Қаулысымен (07.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 жылғы № 93 Қаулысына сәйкес (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.08.2025 жылғы № 40 Қаулысына сәйкес (06.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін Секьюритилендіру туралы заңға сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқықтары берілетін заңды тұлға;
2) биржалық ивестициялық пай қоры (Exchange Traded Fund) (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) – пайлары қор биржасында айналыста болатын индекстік инвестициялаудың аралық ивестициялық пай қоры;