Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2016
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті көрсететін электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің м.а. 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 384/НҚ бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 жылғы № 223 Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
 «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
 4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
 2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:
 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды;
 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
 Министрдің міндетін атқарушы  С. Нокин 
Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 384/НҚ бұйрығына
1-қосымша
  «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті 
 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» порталы: www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған).
Полная версия
ИС BestProfi