Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.03.2023
"Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы  12 тамыздағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 ақпанда № 9143 тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 26 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.03.2023 жылғы №36 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. «Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 540 бұйрығына («Заң газеті» газетінде 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 181 (1997) жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7198 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде:
9-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) оларға жүктелген функцияларға қарай олардың құрылымында мыналар ұйымдастырылатын медициналық ұйымдар:
сәулелік терапиясы бөлімшесі (радиологиялық бөлімше) ҚазОРҒЗИ, кемінде 100 төсек төсектік қорымен онкологиялық диспансердің, көп бейінді аурухананың (облыстық, қалалық) құрамында ұйымдастырылады.
қашықтықтан және сәулемен түйістіре емдеу үшін төрт және одан да көп қондырғы болған жағдайда және кемінде 120 науқасқа күнделікті сәулемен емдеу жүргізу үшін сәулелік терапия бөлімшелерін біріктіретін радиологиялық бөлімше құрылады;
химиотерапиялық бөлімше ҚазОРҒЗИ, онкологиялық диспансерлердің, көп бейінді аурухананың (облыстық, қалалық) құрамында ұйымдастырылады.
өңірлік мамандандырылған консультациялық-диагностикалық бөлімше (бұдан әрі - МКДБ) облыстық, өңірлік, қалалық онкологиялық ұйымдардың құрамында құрылады;
онкологиялық науқастарды қалпына келтіру емі мен оңалту бөлімшесі (кабинеті) (бұдан әрі – бөлімше) онкологиялық ұйымның, көп бейінді аурухананың (ересектер, балалар), амбулаториялық-емханалық ұйымның құрамында ұйымдастырылады;
ядролық медицина (орталығы) бөлімшесі (бұдан әрі – ЯМО) ҚазОРҒЗИ, онкологиялық диспансерлердің, республикалық маңызы бар облыстық орталықтарда және қалалардағы диагностикалық орталықтардың құрамында, сондай-ақ дербес заңды тұлға ретінде құрылады.
паллиативтік көмек көрсету бөлімшесі (орталығы) онкологиялық диспансердің, көп бейінді аурухананың (ересектер, балалар) құрамында, сондай-ақ дербес заңды тұлға ретінде құрылады;
цитологиялық зертхана онкологиялық диспансерлер мен көп бейінді ауруханалардың құрамында құрылады;
эндоскопиялық бөлімше (кабинет) ҚазОРҒЗИ, онкологиялық диспансердің, 100 және одан да көп төсегі бар көп бейінді аурухананың (облыстық, қалалық, аудандық) құрамында 50 және одан да көп мың халыққа қызмет көрсететін амбулаториялық-емханалық ұйымның құрамында ұйымдастырылады;
онкологиялық кабинет емханалардың (қалалық, аудандық), консультациялық-диагностикалық орталықтарының, көп бейінді ауруханалардың консультациялық-диагностикалық бөлімшелерінің құрамында ұйымдастырылады;
маммологиялық кабинет бекітілген штат нормативтеріне сәйкес көп бағдарлы аурухананың консультациялық-диагностикалық емханасының (орталығы), консультациялық-диагностикалық бөлімшенің құрылымында құрылады;
проктологиялық кабинет (қалалық,аудандық) консультациялық-диагностикалық орталықтарында, көп бейінді ауруханалардың консультациялық-диагностикалық бөлімшелерінің құрамында ұйымдастырылады;
әйелдер мен ерлерді қарау кабинеті БМСК ұйымның құрамында құрылады;
ауырсынуға қарсы терапия кабинеті онкологиялық диспансердің, дербес емханалық ұйымдардың құрамында ұйымдастырылады;
Полная версия
ИС BestProfi