Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 14.02.2023
"Электр техникасы өндірісінің жалпы кәсіптер" кәсіби стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 468 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 наурызда № 9186 тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 14 ақпаннан бастап күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 жылғы № 60 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріп отырған «Электр техникасы өндірісінің жалпы кәсіптер» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.Ә. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықты орындауды бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушы А.Рау
«КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ___________ Т. Дүйсенова 2014 жылғы 28 қаңтар
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
«Электр техникалық өндірісінің ортақ кәсіптері» кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Электр техникалық өндірісінің ортақ кәсіптері» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Электр техникалық өндіріс» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
Полная версия

