Близость слов: Окончание:





Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 сәуірде № 9368 тіркелді
Редакция 16.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің:
1) «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2011 жылғы 26қыркүйектегі № 501 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7278 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 95-96 (26914-26915) санында жарияланған);
2) «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 502 бұйрығының; (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7280 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 95-96 (26914-26915) санында жарияланған);
3) «Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 503 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7281 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 95-96 (26914-26915) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары тиісті қызметтер қызметкерлерінің осы бұйрықты зерделеуін ұйымдастырсын және оны мүлтіксіз орындауын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр       полиция генерал-лейтенанты                       Қ. Қасымов 
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 4 сәуірдегі
№ 192 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Полная версия
ИС BestProfi