Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.06.2015
Өңірлердің жұмыспен қамту карталарын қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 135-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 сәуірде № 9315 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 18 маусымнан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 10.04.2015 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өңірлердің жұмыспен қамту карталарын әдістемесі бекітілсін.
2. Халықты жұмыспен қамту департаменті:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін, сондай-ақ «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілер ақпараттық-құқықтық жүйесінің интернет-ресурсында оның ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын;
4) осы бұйрықты облыстардың жергілікті атқарушы органдарының, Астана және Алматы қалаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б.Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 135-ө бұйрығымен бекітілген
 Өңірлердің жұмыспен қамту карталарын қалыптастыру
  әдістемесі
1. Осы Өңірлердің жұмыспен қамту карталарын қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының 8-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жұмыссыздар - кіріс әкелетін еңбек қызметімен айналыспайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге әзір, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
2) экономикалық тұрғыдан белсенді халық (жұмыс күші) - тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін, халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы халықтың бөлігі (экономикада жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар);
3) Қазақстан Республикасының табысы аз азаматтары (отбасылары) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
4) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Полная версия
ИС BestProfi