«Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 289 қаулысының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру және қызметінің жалпы қағидаларын белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2016
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 мамырда № 9470 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 жылғы № 223 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі регламентінің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Әкімшілік қамтамасыз ету және ақпараттандыру департаменті (Г.Е. Құспекова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Төраға Б. Қуандықов
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 55 бұйрығымен БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің РЕГЛАМЕНТІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Президент актілеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1538 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі туралы ережеге (бұдан әрі – Агенттік туралы ереже) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оған жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау процесінде Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) қызметінің жалпы қағидаларын белгілейді.
2. Осы Регламентте белгіленген талаптар Агенттіктің барлық құрылымдық бөлімшелерінің, облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардың аудандарындағы, көліктегі аумақтық органдардың және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың барлық қызметкерлеріне қолданылады.
2. Жұмысты жоспарлау
3. Агенттік өз қызметін Стратегиялық және операциялық жоспарларға, сондай-ақ тоқсанға және бір жылға құрылатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
Тоқсан сайынғы жоспарлау қысқа мерзімдік кезеңге арналған міндеттерді айқындайды және ең алдымен Агенттіктің Стратегиялық жоспарының және жылдық жұмыс жоспарларының іс-шараларын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Стратегиялық, операциялық жоспарлар, сондай-ақ тоқсан сайынғы, жылдық жоспарлар және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалға қарай бір жыл ішінде түзетілуі мүмкін.
Полная версия

