Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2017
"Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 612 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 5 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 23.12.2016 жылғы № 846 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 188-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесінде:
«10. Салалық бағдарламаның құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:
бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері;
бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар;
бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. «Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар» деген бөлімде салалық бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қойылған мақсаттар және міндеттерге қол жеткізу жолдары, сондай-ақ көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қол жетқізуді толық көлемде және қажет мерзімде қамтамасыз ететін шаралар кешені келтіріледі.»;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан   Республикасының  Премьер - Министрі   К .  Мәсімов 
Полная версия
ИС BestProfi