Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.07.2016
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар шығарылымы және айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 52 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 маусымда № 9513 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 19 шілдеден бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 жылғы № 115 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есепті қарау ережесінде:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эмитент облигациялардың (облигациялық бағдарламаның) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.»;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған эмитент (екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі - банк), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) левереджінің шамасы 2-ден аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес).
Standard&Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттіктерінің халықаралық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымының облигацияларын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге арналған левереджінің шамасы халықаралық қаржы ұйымдарының ішкі құжаттарында белгіленген шамадан аспайды.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигацияларын (облигациялық бағдарламасын) мемлекеттік тіркеуге арналған левередж шамасы 5-тен аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептілік деректеріне сәйкес).»;
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тиісті қаржы ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес жасалған, қағаз тасымалдағышта мемлекеттік тілде және орыс тілінде екі данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта (эмитенттің қаржылық есептілігін қоспағанда) бір данада облигациялар шығарылымының (облигация шығарылымының талаптары) проспектісін не облигациялар шығарылымының талаптарын.»;  
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау үшін эмитент уәкілетті органға Заңның 24-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта екі данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта ұсынылады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы қазақ және орыс тілдеріндегі есеп қамтылады.
Standard&Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттіктерінің халықаралық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымының облигацияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп осы Ереженің 5-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада ұсынылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті қарау үшін эмитент уәкілетті органға Заңның 32-бабының 2-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта екі данада ұсынылады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында облигацияларды өтеу қорытындылары туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі есеп қамтылады.
Standard&Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттіктерінің халықаралық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымының облигацияларын өтеу қорытындылары туралы есеп осы Ереженің 6-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада ұсынылады.»;
Полная версия
ИС BestProfi