Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.02.2023
«Аккумуляторлар мен батареялар өндірісі» кәсіби стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 469 Бұйрығы
Осы Бұйрық 2023 жылғы 14 ақпаннан бастап күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 жылғы № 60 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріп отырған «Аккумуляторлар мен батареялар өндірісі» кәсіби стандарты  бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.Ә. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен  кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықты орындауды бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушы А. Рау
 «КЕЛІСІЛДІ»:
 Қазақстан Республикасы  
 Еңбек және халықты әлеуметтік  
 қорғау министрі
 ___________ Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
 Индустрия және жаңа технологиялар
 министрінің міндетін атқарушының
2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 469
 бұйрығымен бекітілген
«Аккумуляторлар мен батареялар өндірісі» кәсіби стандарты
1. «Аккумуляторлар мен батареялар өндірісі» кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) «Аккумуляторлар мен батареялар өндірісі» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және  
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
Полная версия
ИС BestProfi