Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2015
"Қазақстан Республикасы Көлік және комумуникация министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1561 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 маусымдағы № 659 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.04.2015 жылғы № 222 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1561 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 82, 1070-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов 
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 14 маусымдағы
№ 659 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1561 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Миссиясы – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) көлік-коммуникация кешенін дамытудың озыңқы қарқынын қамтамасыз ету мақсатында көлік және коммуникация саласындағы Қазақстан Республикасының тиімді мемлекеттік саясатын қалыптастырады және жүргізеді.
Пайымы – экономика мен халықтың көлік қызметіне қажеттілігін толық қанағаттандыра алатын жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті көлік-коммуникация кешені.
2. Ағымдағы жағдайды және даму үрдісін талдау
1. 1-cтратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының көлік
Теміржол, автомобиль, өзен, әуе көлік түрлерін, автомобиль және теміржолдарды, кеме жолдарын білдіретін республиканың көлік кешеніне шаруашылықаралық және мемлекетаралық байланыстарды жүзеге асыруда маңызды рөл беріледі. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі көлік үлесі 2013 жылы 7,4 % құрады.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның жалпы пайдаланымдағы көлік желісі 14,8 мың км теміржолдан; 97,4 мың км автомобиль жолынан; 4,04 мың км ішкі су кеме қатынасы жолынан тұрады.
2013 жылы республика аумағындағы қатынас жолдарының тығыздығы 1000 ш.км аумаққа жалпы пайдаланымдағы теміржолдар бойынша 5,5 км; жалпы пайдаланымдағы қатты жабыны бар автомобиль жолдары бойынша 31,5 км-ді құрайды.
Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды ескере отырып, көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 2013 жылы 3 277,1 млн. тоннаны құрады, бұл 2012 жылдың көлемінен 8,7 % артық.
Полная версия
ИС BestProfi