Близость слов: Окончание:





"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.04.2022 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес (30.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 29.04.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 184-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.04.2022 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес (30.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі К. Мәсімов 
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 18 маусымдағы
№ 674 қаулысымен
бекітілген
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспары
Стратегия өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.02.2017 жылғы № 59 Қаулысымен (18.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Стратегия жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.06.2017 жылғы № 331 Қаулысына сәйкес (13.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Стратегия өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысымен (01.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Стратегия жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.11.2021 жылғы № 849 Қаулысына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Стратегияның тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.04.2022 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес (30.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)

Кіріспе

3

1. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның ағымдағы жай-күйін талдау: Сыртқы ортаны талдау

5

1.1 "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспарына әсер ететін макроэкономикалық үрдістер мен мегатрендтер

5

1.2 Мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бағыттары

14

1.2.1 Ұлт жоспары – 100 нақты қадам

15

1.2.2 Ұттық жобалар

16

1.2.3 Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары

18

2. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ағымдағы жай-күйін талдау: Ішкі ортаны талдау

20

2.1 «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен ЕҰ ағымдағы құрылымы

20

2.2 ҚТК орындалуы мен SWOT атқарылуын талдау

21

3. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның миссиясы мен пайымы

25

4. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінің стратегиялық бағыттары

26

4.1 Қызметтің 1-ші стратегиялық бағыты. Кәсіпкерлікті қолдау

26

4.1.1 Ірі бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау

26

4.1.2 ШОБ сегментінде кәсіпкерлікті қолдау

31

4.1.3 Экспорттық әлеуетті арттыру

35

4.1.4 Үлестік қаржыландыру экожүйесін дамыту (private equity)

38

4.2. Қызметтің 2-ші стратегиялық бағыты. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту

44

4.2.1 Агроөнеркәсіптік кешендегі ағымдағы жағдай

45

4.2.2 Саланы дамытудың драйвері ретінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау

48

4.3. Қызметтің 3-ші стратегиялық бағыты. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету

56

4.4 Қызметтің үш бағыты шеңберіндегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттер

58

4.4.1 Мемлекеттік емес қаржыландыру көздерінің үлесін ұлғайту

58

4.4.2 ЕҰ функциялары портфелін қайта қарау (өлшемшарттар)

63

4.4.3 Басқару функцияларын корпоративтік орталықтан директорлар кеңестері мен ЕҰ басқармаларына орталықсыздандыру

64

4.4.4 Жаңа құзыреттерді және жұмысты ұйымдастыру әдістерін қалыптастыру

71

4.4.5 «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ пен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ны бірыңғай холдингке біріктіру және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымдарын одан әрі оңтайландыру

80

5. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2023 жылға дейінгі ҚТК және көрсеткіштерді есептеу әдіснамасы

81

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспарына 1-қосымша

1

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспарына 2-қосымша

3

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) «Даму институттарын1  , қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығына және «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына сәйкес құрылды.
1  Даму институттары дамушы елдерде жеке сектордың дамуын қолдау үшін құрылған мамандандырылған даму банктерін білдіреді. Бұл институттар, әдетте, үкіметке тиесілі және ұлттық немесе халықаралық даму қорларынан немесе олардың кредитке қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып және капиталдың халықаралық нарықтарында үлкен сомадағы ақшаны өте тиімді шарттармен тартуға мүмкіндік бере отырып, мемлекеттік кепілдіктерді пайдалану арқылы қаржыландырылады. Даму банктері экономиканың өсуін, инновациялық процестерді және инфрақұрылымның дамуын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалана отырып, ынталандыратын мемлекеттік саясат құралдарының бірі болып табылады. Даму институттарының негізгі мақсаты – тұрақты экономикалық өсу мен экономиканы әртараптандыруды қамтамасыз ету үшін нарықтық тетіктермен оңтайлы іске асырыла алмайтын міндеттерді шешу үшін «нарықтың құлдырауы» деп аталатындарды болдырмау. Даму институттары экономиканың басым секторлары мен салаларындағы жеке инвестициялар катализаторы ретінде әрекет етеді және экономиканың басым салаларында жұмыс істейтін кәсіпорындардың қажетті қаржылық және ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымды қалыптастыру үшін жағдайлар жасайды. (Дереккөз: ЕҚЫҰ)
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
Іске асырылуына «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қатысатын мемлекеттік бағдарламаларда 2015 – 2016 жылдары болған бірқатар өзгерістерге, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік-экономикалық оқиғаларға байланысты 2017 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысымен бекітілген «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын (бұдан әрі – Стратегия) алғашқы өзектілендіру жүргізілді.
2021 жылы өзектілендіру Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы жолдауларынан, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген өзгерістерден, сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметіне елеулі әсері бар ішкі және сыртқы ортаның өзгеруінен туындады:
1) әлемдік экономиканың, әсіресе дамушы нарықтардың өсу қарқынының бірқатар себептер бойынша төмендеуін күту: пандемия; энергия ресурстарына бағалардың тұрақсыздығы; санкциялардың күшеюі өңірге және ұлттық валюталарға қысым көрсетеді;
2) 2018 жылы Астана экономикалық форумында Мемлекет басшысы атап өткен бес жаһандық мегатренд;
3) Мемлекет басшысының жолдауларын және ұлттық жобаларды іске асыруға қатысу:
3.1) 2018 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары;
3.2) Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы;
Полная версия
ИС BestProfi