Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.03.2016
«Мемлекеттiк орман қоры учаскелеріндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 734 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 16 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 24.02.2016 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттiк орман қоры учаскелеріндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮAЖ-ы, 2004 ж., № 1, 17-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк орман қоры учаскелеріндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу ережесінде:
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану 10 жылдан 49 жылға дейiн.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов 
Полная версия
ИС BestProfi