Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2016
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің м.а. 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 100/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 15 мамырда № 9425 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 жылғы № 223 Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту.
2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау министрдің орынбасары С.К. Нокинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы 3 сәуірдегі
№ 100/нқ бұйрығымен
бекітілген
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, Министрліктің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), сондай-ақ «Электрондық үкімет»: www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz  веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі сарапшының мәртебесін және оның қала құрылысы мен құрылыс қызметінде сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтер көрсетуді орындау құқығын куәландыратын аттестат (бұдан әрі - аттестат) не мемлекеттік қызметті беруден жазбаша түрде дәлелді бас тарту болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздығы № 186 қаулысымен бекітілген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
Полная версия
ИС BestProfi