Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.04.2015
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 278 бұйрығы.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 маусымда № 9542 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 11 сәуір 2015 жылыдан ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.01.2015 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағы 39)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қоса беріліп отырған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (А.Ә. Сәду):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республики Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 9 маусымдағы
№ 278 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері
1. Осы мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағы 39)-тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын күтіп-ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық талаптарды қамтиды.
2. Ұн тарту мен жарма өнімдерін сақтау экологиялық, құрылыс, өрт қауіпсіздігі және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретін қойма үй-жайларында, тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оның жолай ластану мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда жүзеге асырылады.
Қаптарды «үшбұрыштап» немесе «бесбұрыштап» тігісін ішіне қаратып қатар қояды. Жақсартылған желдетуді талап ететін ұн мен жарманы «төртбұрыштап» жатқызып қойған жөн. Бұл жағдайда бірінші қатардағы екі қапты қырынан шағын саңылаулармен бір-біріне қатарлас қояды; сол тәртіппен екінші қос қаптарды біріншінің үстіне салады, ал үшіншісін екіншісіне және тағы сол сияқты.
3. Жарылған, жыртылған, кеміргіштер зақымдаған қаптарды қатарға қоюға болмайды. Бұндай қаптардағы өнімдер басқа берік ыдысқа аударылуы тиіс.
4. Штабельдің төменгі қатардағы термоылғалдиффузия салдарынан тауардың дымқылдануын болдырмау үшін, едені бетон, асфальт және тас бөлмелерде ұн мен жармасы бар қаптарды биіктігі 10 см. кем емес құрғақ, тақтайдан жасалған, бір - біріне тығыз байланысқан стеллаждарда жатқызып қою қажет.
Полная версия
ИС BestProfi