Близость слов: Окончание:





"Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1592 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 779 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1592 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 89, 1096-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларының даму үрдісін талдау» деген 2-бөлімде:
«1-стратегиялық бағыт. Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту» деген 1-кіші бөлімде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету»;
екінші бөлікте «2011» деген сандар «2012» деген сандармен ауыстырылсын;
сегізінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«2013 жылы 10 мемлекеттік көрсетілетін қызметті автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.»;
«Негізгі проблемаларды талдау» деген 2-тармақта:
бірінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сонымен, 2013 жылдың қорытындысы бойынша рұқсат етілген ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 3,88 млн. тоннаны, ал ластаушы заттардың төгінділері 4,88 млн. тоннаны құрады.»
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi