Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.06.2014
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология
жөніндегі комитеті төрағасының
2005 ж. 18 қарашада
№ 411 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін енгізу тәртібі
Тәртіп күшін жойды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 18.06.2014 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес
1. Осы ережелер Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін (әрі қарай тізілім) енгізу тәртібіне, мазмұнына және құрылымына негізгі талаптарды орнатады.
2. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нысандарды, жұмысқа қатысушыларды, құжаттарды тіркеуді есептеу құжаты.  
3. Техникалық реттеу және метрология комитетінің (әрі қарай уәкілетті орган) тапсырмасы бойынша тізілімді жүргізуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342 «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» қаулысына сәйкес қызметін «Қазақстан метрология институты» РМК (әрі қарай МҒМО) атқаратын мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық және оның ведомствосына қарасты ұйымдар жүзеге асырады.
4. Тізілім нысандарын тіркеуді, оларды есептеуді ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің ақпараттық деректемелерінің орталықтандырылған қорын құру және тізілім нысандары бойынша ақпараттармен жүйелі қызмет көрсету мақсатында жүргізеді.  
5. Нысандар бойынша тізілім мынадай бөлімдерден тұрады:
2) 2 бөлім - өлшем құралдарының бекітілген типтері;
3) 3 бөлім -  заттар мен материалдың қасиеті және құрамының стандартық үлгісінің бекітілген типтері;
4)  4 бөлім -  өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері;
5) 5 бөлім - өлшем құралдарын өндіруге және жөндеуге құқығы бар лицензиаттар;
7) 7 бөлім - өлшемдерді орындау әдістемелері;
8) 8 бөлім - метрологиялық аттестация өткен өлшем құралдары;
9) 9 бөлім - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар;
10) 10 бөлім - өлшем құралдарының мемлекеттік эталондарын оқымысты сақтаушылар;
11) 11 бөлім - өлшем құралдарын салыстырып тексеруші.
Полная версия
ИС BestProfi