Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1586 қаулысымен
бекітілген
«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiктiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес
«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын қараңыз
1. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлкі объектісінің тіркелген жері бойынша;
2) «электрондық үкіметтің» www.е.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың қалауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті нотариустар Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – БНАЖ) өзара іс-қимыл жасау арқылы құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне құқық белгілеуші құжаттың электрондық көшірмесін жолдау арқылы мәмілені куәландырғаннан (бұдан әрі – электрондық тіркеу) кейін жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының орталыққа жүгінген кезінде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
жылжымайтын мүлiкке және өзге де мемлекеттік тіркеу объектiлеріне құқықтардың (құқықтардың ауыртпалықтардың) туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу бойынша – өтініш көрсетілетін қызметті берушіге келiп түскен кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді);
жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жеделдетiлген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу бойынша – өтiнiш орталыққа келіп түскен кезден бастап келесi жұмыс күнi (егер орталықта өтiнiш сағат 18-ден кейiн немесе сенбi күнi қабылданса, онда көрсетілетін қызметті беруші үшiн мерзiмдi есептеу келесi жұмыс күнi басталады);
мемлекеттiк органдар және өзге де уәкiлеттi адамдар салатын ауыртпалықтарды (ауыртпалықтардың тоқтатылуын), сондай-ақ заңдық талаптарды тiркеу – көрсетілетін қызметті берушіге өтiнiш келіп түскен кезден бастап дереу (орындалған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға берiледi);
егер «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасын iске асыру шеңберiнде «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» акционерлік қоғамы субсидиялаған қарыз шарты, «Исламдық қаржыландыруды дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасы» бағдарламасын iске асыру шеңберiнде Мурабаха, Иджара және Истисна шарттары бойынша мiндеттемелердi орындауды кепiл қамтамасыз еткен жағдайда, жылжымайтын мүлiк кепiлiнiң туындауын немесе өзгеруiн тiркеу, сондай-ақ ипотека куәлiгiн беру бойынша - өтiнiш көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді).
Мемлекеттік қызмет көрсету бір айдан аспайтын мерзімге мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) сотқа берілген талап және өзге де арыздар (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;
2) заңның бұзылуын жойғанға дейін прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес;
3) «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
Полная версия
ИС BestProfi